АҚШ тұтынатын электр қуатының жиырма пайызын АЭС-ы өндіріп отыр. Әлемдегі ең көп реактор осы елде орналасқан. Тіпті, кейбір шаттарда бірнеше атом электр станция бар. Сондай өңірлерді Огайо штатына барып келген тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы тарқатсын.
Елдің солтүстік шығысындағы Огайо штатында екі атом электр станциясы жұмыс істейді. Соның бірі Перри станциясы Эри көлінің жағалауында орналасқан. Нысаннан қол созым жерде қала тұрғыны балық аулап жүр. Қария бүгін олжалы. Қармағына бірнеше балық іліккен.
Том, жергілікті тұрғын:
Қараңызшы, 2,5 сағатта мынандай төрт көксерке ұстадым. Керемет емес пе?! Бұл көлден арасында алабұғаларды да аулап тұрамын.
Кос реакторлы орталықтың іске қосылғанына қырық жылға жуықтады. Осы жерде жарты ғасырдан бері тұратын Том – жетпісінші жылдары станциясы құрлысына қатысты қызу пікір талас болғаны әлі есімде дейді.
Том, жергілікті тұрғын:
Түрлі пікірлер болды. Бірақ түптеп келгенде АЭС-тың бізге еш зияны жоқ болып шықты. Арада 37 жыл өтті. Маусым басталғанда балығымызды аулаймыз. Қайықпен жүземіз. Суға шомыламыз. Балалық шағым осында өтті. АЭС-ке қатысты шағым жоқ.
Атом Электр Станциясы бірнеше мың адамды тұрақты жұмыспен қамтып, 1 миллион тұрғынға электр қуатын жеткізіп отыр. Әрі қала қазынасының негізгі бөлігі осы орталық төлеген салықтың арқасында толығады.
Билл, жергілікті тұрғын:
Мен осы жерде туып өстім. АЭС-тың жергілікті халыққа да, коршаған ортаға да зияны жоқ. Қайта керісінше қаладағы инфоқұрылым жөнделіп, парктер салынып жатыр. Халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға септігін тигізіп жатыр.
Перри қаласының билігі нысаннан 15 шақырым радиуста тұратын азаматтардың денсаулығын жіті бақылауда ұстайды. Дегенмен соңғы 37 жылда станцияда бірде-бір төтенше жағдай тіркелмеген әрі орталық жұмысының қоршаған ортаға зияны байқалмаған.
Жалғас Сәдібекұлы