Еуразия ұлттық университетінде 7 түлек «Әскери журналист» атанады
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ант берген 7 түлек «Әскери журналист» атанады. Олар енді кез келген күштік құрылымдар туралы ақпарат таратып, әскерилермен қатар жұмыс істей алады. Салалық журналистер екі жылдың ішінде саптық, тактикалық, техникалық білім алып, мамандандырылған БАҚ пен ұйымдарда тәжірибеден өткен. Биыл аталған мамандыққа 80 студент қабылданды.
Дидар Серік, ЕҰУ студенті:
Жалпы техникалық дайындық, барлау жұмыстары, топография деген секілді сабақтармен айырмашылық бар. Және де әскери техникаларды, мінездемені білу өте маңызды. Ротада қанша адам болады, оның командирі қай жерде тұрады деген секілді ұсақ-түйек заттарды білу өте маңызды. Өйткені қарапайым журналист келген кезде ол қатарда тұрған соарбаздарға кедергі келтіруі мүмкін.
Еділ Оразов, ЕҰУ әскери кафедрасының басшысы:
Баспасөз қызметі дегенде нағыз қайнап жатқан соғыстың арасында журналистер жүреді. Қорғаныс министрлігінде болсын, гвардияда болсын, шекарашыларда болсын, соларда баспасөзбен байланысты қандай ұжымдар бар, сол жақта жүретіндей етіп дайындаймыз.
Мақпал Жақыпбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астронавтарға арналған экзоскелет
26.02.2026, 21:00
Көктайғақ, боран: Республикалық жолдар жабылды
26.02.2026, 20:51
-40 градусқа дейін аяз болады
26.02.2026, 20:51
Жеткізу қызметінің жұмысы қатаң бақыланады
26.02.2026, 20:48
Дәрігер мен полиция бастығы ұшақта жолаушы өмірін сақтап қалды
26.02.2026, 20:46
Әлем жаңалықтарына шолу
26.02.2026, 20:44
Міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша бөлінген 2,4 млрд теңге игерілмеді
26.02.2026, 20:41
Балалар саясаты 2030 жылға дейін жүйелі түрде жаңғыртылады
26.02.2026, 20:12