Көктайғақ, боран: Республикалық жолдар жабылды
Осылай Жамбылдың қысы ақпанның аяғында қайта күшіне мінді. Соңғы екі күннен бері айналаны айнадай мұз жауып, Әулиеата жұртын көктайғақ әбігерге салды.
Тіпті жедел жәрдем көлігі де тас жолдың
бетінде тайғанап, аударылып қала жаздады. Сарысу мен Талас ауданында болған
көктайғақтан жолаушылар автобусы да жартылай жолдан шығып кетті. Ауыр жүк
көліктері мүлде жүре алмады. Осылайша
Шымкент-Жаңатас-Қаратау-Тараз арасын жалғайтын автожол мұз құрсауында қалды.
Қолайсыз ауа райы Қордай, Меркі, Мойынқұм мен Шу аудандарын да айналып өтпеді.
Көктайғақ арты қалың қарға ұласып, Бірлік пен Бурылбайтал ауылы арасындағы 100
шақырымнан аса жол жабылды. Сондай-ақ «Алматы-Екатеринбург» автожолының
Мойынқұм ауданындағы аумағы мен Қордайдың жаңа асуы барлық көлік түрлері үшін
жабылды.