Астронавтарға арналған экзоскелет
Енді ай мен марсты зерттейтін астронавтардың қимылдары ширай түседі. Ғалымдар ғарыш мамандарына арналған жаңа экзоскелетті жетілдіріп жатыр. Ал Германдияда электр тоғын пайдаланатын әуе көлігі сынақтан өтті. Әлемдегі техно-жаңалықтар жайлы Темірлан Нұржанұлыны айтсын.
Бұл – астронавтарға арналған экзоскелет. Оны Бристоль университетінің ғалымдары әзірлеп жатыр. Олардың сөзінше, жоба ай мен марс сынды ғарыш нысандарында зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғарышкерлердің іс-қимылын жеңілдетуді көздейді.
Эмануеле Пульверенти, Бристоль университетінің ғылыми қызметкері:
Мына құрылғы бұлшықетіңнің бір қабаты іспеттес. Өзге біреу сені итеріп, қимыл-қозғалысың жеңілдей түсетін секілді әсер қалдырады.
Сырты нейлоннан, ал іші термопластикалық қабаттан тұрады. Ауаны ары-бері оңай өткізіп, созылатыны да содан. Экзоскелет былтыр өткен сынақта сәтті нәтиже көрсеткен. Жүріп-тұру, өрмелеу және жүк тасу сынды тапсырмалар орындаған.
Тоқпен ұшатын әуе көлігі
Германияның Мюнхен қаласында электр тоғымен жұмыс істейтін әуе көлігі сынақтан өтті.
ERC System стартабы жасаған Romeo атты прототиптің салмағы – 2,7 тонна. Қанаттары болса, 16 метрге жетеді. Ұшаққа науқастарды ауруханаға жеткізу, ауыр жүк тасымалдау сынды маңызды міндеттер жүктеліп отыр.
Теңізді қоқыстан қорғайтын сүзгі
Ал мына бір себетті мамандар Ле-Крам көшесіне орнатып жатыр. Бұл Тунис қаласындағы теңіз жағалауындағы аудан. Wayout стартабы әзірлеген ZigoFilter атты сүзгі дренаж жүйесіндегі толып қалатын қалдықтарды ұстап қалады. Осылайша, теңіздің ластануын алдын алады. Зерттеулерге сенсек, күн сайын Жерорта теңізіне күн сайын шамамен 650-750 тонна пластик ағып кетеді екен. Бүгінде қала бойынша 2500-ге жуық сүзгі орнатылған.
Мохамед Рамме, компания жетекшісі:
Жұрт темекі қораптарын, пластикалық бөтелкелерді лақтыра береді. Бұл қоқыс ертең теңізге бармай ма. Кейін өздеріне зияны тиеді. Біз осы мәселенің маңызын түсіндіріп, оның алдын алғымыз келеді.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Болонья Children’s Book Fair жәрмеңкесіне қатысады
15.04.2026, 17:30
Инклюзивті білім беру көрсеткіші 90 пайызға жетті
15.04.2026, 17:29
Ғылым мен медиа саласындағы ЖИ рөлі талқыланды
15.04.2026, 17:27
Ақмола облысында 5 млн 400 мың гектарға дән себіледі
15.04.2026, 17:25
487 жол учаскесінде интернет жоқ
15.04.2026, 17:22
Астана маңындағы ауылдарға газ тартылады
15.04.2026, 17:20
Семейде жазда ыстық су берілетін болды
15.04.2026, 17:19
Шымкентте тарифті негізсіз көтергендер жазаланды
15.04.2026, 17:17