Жамбыл облысында «ЭКО LIFE» жастар эстафетасы өтті
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жамбыл облысындағы қала, ауылдар мен аудандар қоқыстан тазартылып жатыр. Шара басталғалы науқанға 700 мыңнан астам облыс тұрғыны атсалысқан. Белсенділердің айтуынша аймақта биыл дала өрті болған жоқ. Өйткені экологиялық акция аясында тез тұтанатын қоқыстар жинастырылып, үнемі тазалық сақталып отыр. Мәселен бүгін Тараз қаласының «Көктем» алқабында «Эко LIFE» жастар эстафетасы өтті. Оған 300-ден астам жас қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Акция барысында барлық аудан жастары белгіленген орындарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, эстафетаны келесі ауданға берді. Осылайша бұл шара апта сайын әр ауданда өткізіліп тұратын болды.
Азамат Дәмелбек, волонтер:
Бүгінгі өткізіліп жатқан акция «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті. Қазіргі мақсаты-аптап ыстық уақытта дала өрттерінің алдын алу, сондай-ақ құрғақ шөптерді жою арқылы дала өрттерінің алдын алу болып табылады.
Сонымен қатар бүгін «Тараз – таза қала» акциясы да өтті. Жалпы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы облыстағы су айдындары жағалауларында, саябақтар мен алаңдарда, жаздың ыстық күндерінде демалушылар көп жиналатын жерлерде жалғасты. 14 мың тонна қоқыс шығарылды. Көшеттер отырғызылды. Бұл жұмыстарға жалпы 918 бірлік техника жұмылдырылды.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық комиссия, вице-президент, Халық кеңесі: Парламенттік реформа туралы не белгілі?
25.01.2026, 20:27
298 медициналық нысан мен 162 мектеп: Былтыр қандай нысандар пайдалануға берілді?
25.01.2026, 20:27
Президент: «Тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан біржола арылуымыз керек
25.01.2026, 20:00
Нұрай ісі: Полиция қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды
25.01.2026, 19:56
«Теңізшевройл» компаниясы мұнай тасымалдауға қатысты төтенше жағдай туралы мәлімдеді
25.01.2026, 19:51
«Нағыз абсурд»: Президент қай салаға қатысты ескерту жасады?
25.01.2026, 19:49
Қ. Тоқаев Д. Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
25.01.2026, 19:43
Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда қандай ұсыныстар айтылды?
25.01.2026, 18:54