Астанада академик Қаржаубай Сартқожаұлын ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада академик Қаржаубай Сартқожаұлын ақтық сапарға шығарып салды

29.07.2024

Астанада академик, белгілі түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлын ақтық сапарға шығарып салды.

Қаралы жиынға ғалымның ет-жақындары, тарихшылар, қоғам қайраткерлері мен Үкімет мүшелері қатысты. Белгілі түрколог 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Замандас-әріптестері оның ғылым саласына қосқан үлесін, тынымсыз еңбегі мен тұлғалық қасиеттері айтып еске алды.

Жолбарыс Әлімханұлы, марқұмның жерлесі:

Екеуміз Моңғолияның Баянөлгей аймағында бір топырақта өскен адамдармыз. Ол Моңғолияда алғашқы Парламенттің мүшесі болған. Алғаш Парламент мүшесі болғанда, моңғолдың Ата Заңына қазақ ұлты туралы, қазақтың тілі туралы, қазақтың діні туралы соған өз үлесін қосып, өз ойын кіргізген сондай мықты азамат.

Бүркітбай Аяған, тарихшы, тарих ғылымдарының докторы:

Ол кісіден маған ұнайтыны, қазақ тарихын совет идеологиясынан арылтып қарайтын. +02:05 Бүгінгі қаза – біз енді өте үлкен ғалымнан айырылып отырмыз енді. Ол рас. Біз енді түркітанушы, қазақтанушы, ғалымдардың серкесі еді. Сосын адам ретінде өте ақкөңіл, өте кішіпейіл. Ешқашан қатты сөйлеген емес.

Белгілі түркітанушының отбасы мен туыстарына президент Қасым-Жомарт Тоқаев та көңіл айту жедел хатын жолдаған. Қаржаубай Сартқожаұлының Моңғолияның Баянөлгей өлкесінің тумасы. Моңғолия мемлекеттік университетінде, сондай-ақ, Ленинградтағы Шығыстану институтында білім алған. Әр жылдары Баянөлгей аймақтық мәслихат төрағасы, Түркі-Қазақ ғылыми орталығының директоры болған. 2010 жылдан бастап Еуразия Ұлттық университетінің Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығын басқарды. Ол 250-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. 30-ға жуық еңбегі орыс, француз, ағылшын, моңғол, қазақ, қытай тілдерінде жарияланған.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу