Лудомандар МӘМС бойынша тегін оңалтудан өтеді
Ал құмар ойынға тәуелді азаматтар МӘМС бойынша тегін оңалтудан өтеді. Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев осылай деді. Бүгінде ресми есепте тұрған небәрі 19 лудоман бар. Вице-министрдің сөзінше, көбі мемлекеттік клиникаларда ем алудан қашады. Себебі есепке алынған азаматтар ЖОО-ға түсе алмайды, әскерде қызмет ете алмайды және жұмысқа орналасуы қиындайды. Вице-министр енді мемлекеттік клиникаларда мұндай азаматтардың аты-жөні құпия сақталады деді.
Жалпы Үкімет алдағы екі жылда құмар ойынына әуес адамдардың санын 350 мыңнан 201 мыңға дейін қысқартуды көздеп отыр. Ол үшін жыл сайын кем дегенде 7 мың онлайн казино мен букмекерлік сайттарды бұғаттап отырмақ. Ал лотерея ойындарын жарнамалағандар кемі 200 мың айыппұл төлейді.
Мирас Төлебаев, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:
Егер букмекерлік кеңселер мен онлайн казинолар заңға бағынбай борышкерлерді, 21 жасқа толмаған адамдарды немесе өзін құмар ойындардан шектегендерді қабылдайтын болса, 3,7 миллион теңгеге дейінгі айыппұл төлейді. Сонымен бірге қазір еліміз бойынша Instagram және TikTok желісінде заңсыз лотереялармен күрес жүріп жатыр.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО Алтай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті
10.09.2026, 17:37
Энергия ресурстарын тиімді пайдалану жұмысы күшейеді
10.09.2026, 17:35
Павлодарда макулатураны өңдейтін кәсіпорын салынып жатыр
10.09.2026, 17:33
Әке институты қоғаммен қатар өзгеріп келеді
10.09.2026, 17:30
Білімді ұрпақ – ұлт болашағының негізі
10.09.2026, 17:27
Қазақстанда микрохирургия мектебі бірінші рет ашылды
10.09.2026, 17:25
Ел және әлем жаңалықтарына қысқа шолу
10.09.2026, 17:20
Астанадан 200 бала шекара қызметіне аттанды
10.09.2026, 17:17