«Таза бейсенбі» акциясы аясында еліміздегі өзен-көлдердің жағасы күл-қоқыстан тазартылды
Жұмыс ірі су айдындарында жалғасты. 1700-дей адам қатысты. Еріктілер Астана іргесіндегі Қарасу өзегінің арнасын да сүзіп шықты. Күрек-қапшығын арқалай келген белсендінің бірі - Сержан Серікұлы, эко бастама тәрбие құралына айналғанын айтады. Жалпы «Таза бейсенбі» басталғалы 4,5 мыңнан астам тонна қоқыс жиналып, 38 мыңға жуық адам атсалысқан.
Сержан Серікұлы, Астана қаласының тұрғыны:
Немерелерім өсіп келе жатыр. Соларға үлгі болайын дегенім ғой. Таңертең сұрайды «Ата, қайда бара жатырсыз деп...» Мен айтамын барып тазалаймын, жинаймын, онда ешқандай ұят жоқ. Қазақстанымыз көркейе берсін, гүлдене берсін. Таза болсын! Сондай оймен келіп отырмын осында.
Нұрайлым Нұржанқызы, «Жасыл ел» сарбазы:
Таза жерде өмір сүрген жақсы. Біз өзіміздің қарамасақ кім қарайды? Жастар болғандықтан қаламызды қарап, ұстап отыруымыз қажет. Біз негізі акция үшін ғана емес, қаламыз үшін де, тазалығымыз үшін де, өзіміз үшін де жүрген жерімізді жинап, тазалап жүруіміз қажет.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Отбасы банк» салымшыларына арналған баспана жәрмеңкесі өтті
20.04.2026, 20:58
Есірткіні насихаттайтын граффитилер өшірілді
20.04.2026, 20:55
«Таза Қазақстан» экоакциясына 20 мың адам қатысты
20.04.2026, 20:53
Еріктілер Текелі таулы аймағын тазалады
20.04.2026, 20:51
«SuperStar KZ» байқауының кастингі Қызылорда қаласында жалғасты
20.04.2026, 20:47
15 жастағы теннисшіміз Қытайдағы халықаралық турнирде топ жарды
20.04.2026, 20:44
Президент ақын Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айтты
20.04.2026, 20:37
Мәжіліс төрағасы ҰҚШҰ отырысына қатысты
20.04.2026, 20:05