«Таза Қазақстан»: Туристердің экологиялық мәдениеті артып келеді
Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен жыл басынан бері 50 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Қазір бұл жерде тазалық жұмыстарымен 12 адам тұрақты айналысады. Ұлттық саябақ қызметкерлері соңғы жылдары туристердің мәдениеті артып келе жатқанын айтады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақта экололгиялық акциялар да жиі ұйымдастырылады. Мақсат – отанға деген сүйіспеншілік тазалықтан басталатынын жеткізу, дейді парк қызметкерлері. Айта кетсек, биыл жыл басынан бері Көлсай мен Қайыңдыға 161 мың турист келсе, жыл соңына дейін олардың саны 320 мыңға жетеді деп жоспарланған.
Руслан Сембайұлы, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бөлім басшысы:
Көлсай көлдерінде акция ұйымдастырылды. Оның ішінде «Бұлақ көрсең көзін аш», «Таза Қазақстан» және «Мекенім – жасыл орманым» атты акциялар өткізілген болатын. Еріктілер болсын, аграрлық университет болсын жан-жақтан келген студенттер және туристік фирмалармен де, келген демалушылармен де «Таза Қазақстанға» байланысты жыл айын және жиі акциялар өткізіп тұрамыз.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа бағыты
12.03.2026, 20:58
Жаңа Конституция жобасы кемел келешектің кепілі
12.03.2026, 20:57
Ислам Республикасының жаңа жоғарғы жетекшісі алғаш рет мәлімдеме жасады
12.03.2026, 20:54
LRT жолақысы 200 теңге болуы мүмкін
12.03.2026, 20:53
Референдумға қатысу үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалады
12.03.2026, 20:51
«Ерекше» фильмінің премьерасы өтті
12.03.2026, 20:49
AI-Sana бағдарламасы студенттерді қабылдауға дайын
12.03.2026, 20:47
ОРК төрағасы ШЫҰ мен ТМҰ байқаушылар миссиясының басшылығымен кездесті
12.03.2026, 20:10