Басты Жаңалықтар Атырау облысында Жайық өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды

Атырау облысында Жайық өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды

Ақмола облысында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында Зеренді көлінің жағалауынан бір тоннаға жуық қоқыс шығарды. Оған «Amanat» партиясының 50-ге жуық қызметкері мен еріктілер қатысты. «Жасыл ел» еңбек жасағы да шет қалмады. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады. Тазалық акциясы аясында енді, тау бөктерлері күл-қоқыстан тазартылып, көшелер абаттандырылмақ.

Жұлдызай Ерғалиева, Ерікті:

Осы акция туралы бірінші рет естігенде үйде отыра алмадық. Мен өз достарыммен, туысқандарыммен және жақын адамдарыммен осы акцияға қатысуды жөн көрдім. Біздің мақсатымыз-осы тұрып жатқан аумақты тазарту және жақсарту болып табылады.

Жайық өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды

Ал Атырауда Жайық өзені жағалауындағы тасқын кезінде салынған қапшықтар жиналып, аумақ қоқыстан тазартылды. Бұған 200-ге жуық ерікті, мекеме қызметкерлері мен белсенді жастар атсалысты. «Amanat» партиясының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы, апта сайын өткізіліп келеді.

Абылай Құрметұлы - «Жастар рухы» жастар қанаты АОФ төрағасы:

Бір ай бұрын су тасқыны салдарынан қалып қойған бөгеттерді, қоқыс қалдықтарын тазарту үстіндеміз. Бұл біздің, партияның, жас еріктілердің осы қаламызға қосқан тамшыдай болса да үлесіміз деп есептейміз.


Бөлісу