«Таза Қазақстан» акциясы аясында ерекше кітапхана жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ерекше кітапхана жұмысын бастады

01.07.2024

Қарағанды қаласы Балқаш қаласында ерекше кітапхана жұмысын бастады. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ашылған экологиялық орын жаз бойы жас ұрпаққа тазалықтың маңызын үйретеді. Онымен қоса табиғат туралы кітаптар ұсынылып, қоқыс сұрыптаудың реттілігі көрсетіледі. Тіпті мұнда өсімдікті өзіңіз егуіңізге болады. Киіз үйдің ішінде орналасқан көшпелі кітапхана оқу жылының басына дейін жұмыс істейді.

Балшырын Мұхаметжанова, Балқаш қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры:

Экологиялық мәдениет неден қалыптасады? Білімнен. Ал білімді қайдана аламыз? Кітаптан. Тұлғаның бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін, экоәдепті қалыптастыру керек. Ол үшін қоқысты сұрыптап үйрену керек.

Экологиялық акция жалғасып жатыр

«Таза Қазақстан» акциясы Абай облысында қарқынды жүруде. Бесқарағай ауданы бойынша 250-ге жуық шара ұйымдастырылған. Нәтижесінде 30-ға жуық елді мекеннен 56 мың тонна қоқыс шығарылды. Облыстағы Курчатов қаласының экологиялық тазалығы да ерекше назарда. Тұрғындар әсіресе Ертіс өзені жағасын тазартуға күш салуда. Қала белсенділерінің көмегімен өзен бойындағы аумақ қоқыстан тазартылды.


Хабарламаларға жазылу