«EURO 2024»: Топтық кезең аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«EURO 2024»: Топтық кезең аяқталды

27.06.2024

Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аяқталды. Үшінші турдың соңғы ойын күнінде 4 кездесу өтті.

«E» тобындағы екі ойын да ерекше тартысқа толы өтті. Словакия - Румыния арасындағы ойында жеңімпаз анықталмады. Алдымен Словакия футболшысы Ондрей Дуда есеп ашса, артынша Рэзван Марин таразы басын теңестіріп кетті.

Қатар өткен екінші матчта Бельгия мен Украина бір бірінің қақпаларының кілтін таба алмады. Бұл кездесу де тең аяқталды.

Ерсін Ерік, тілші:

Нәтижесінде бұл жұпта Бельгия құрамасы Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты.

Янник Карраско, Бельгия құрамасының футболшысы:

Соңғы турда барлығы ерекше қарқын алады. Шабуылда жолымыз болмады. Есесіне қарсыласқа да гол соғуға мүмкіндік бермедік. Ендігі матчтарда қателік жасауға болмайды.

Төрт команданың да ұпай сандары тең болғанымен, қосымша көрсеткіштерге байланысты Словакия үшінші, ал Румыния бір, Бельгия екінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты.

«F» тобындағы командалар арасындағы тартыс та ерекше болды. Осыған дейін бір ұпай ғана еншілеген Грузия құрамасы Португалиядан 2-0 есебімен басым түсіп, өз тобында үшінші орынмен плей-офф сатысына шықты. Ал Түркия құрамасы Чехияны жеңді. Бір ойыншыға кем өнер көрсетіп, чехиялықтар таразы басын теңестіргенімен, соңғы минуттарда Дженк Тосун жеңісті голдың авторы атанды. Нәтижесінде бұл топта Португалия бір, Түркия екі, Грузия құрамасы үшінші орын алды.

Ерсін Ерік


Хабарламаларға жазылу