«Таза бейсенбі» экоакциясы өңірлерде де өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таза бейсенбі» экоакциясы өңірлерде де өтіп жатыр

20.06.2024

Таразда талай жылдан бері қараусыз қалған бес шақырым канал қоқыстан тазартылды. «Amanat» партиясының өңірлік ұжымы «Таза бейсенбі» акциясын өткізіп, «Арай» алқабы аумағын тазартуда аянып қалмады. «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері жарты тоннаға жуық қоқыс шығарды. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы аймақтағы ластанған аумақтардың кешенді картасы әзірленген. Бүгінгі жоспар бойынша тазалық жұмыстары Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Шу және Меркі аудандарында жалғасты.

Шынар Тоқтамыс, ерікті:

Осы арықтың айналасын қоқыстан тазарттық, соған өзіміздің де көңіліміз жайланып қалды. Себебі Қазақстандағы ең таза, ең жасыл қала Тараз болғандықтан, біз өзіміздің қаламызды қоқыстардан тазартып, жастарды осы тазалыққа, осы қаламызды аялап ұстауға шақырамын.

Аталмыш акция Қарағандыда да жалғасып жатыр. Осы аптада еріктілер қала сыртындағы көлік тұрақтарын тазартты. Облыс бойынша барлық қала, аудандарда 4000-нан аса еріктілер екі аптада 450 тонна қоқыс жинаған. Енді келесі «Таза бейсенбі» акциясында тарихи нысан маңдарын тазарту көзделуде.

Нұрсұлтан Шаменов, облыстық «Amanat» партиясы филиалының бөлім меңгерушісі:

Қазіргі таңда барлық Қазақстан аумағын тазарту жұмыстары жоғарғы деңгейде жүріп жатыр. Осы тұста «Amanat» партиясының белсенді мүшелері, бастауыш партия өкілдері, «Жастар рухы-жастар қанаты» белсенділері, еріктілер кең қолдау көрсетуде.

Данияр Әлімқұл

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу