Қостанай облысында 6 ауыл екі айдан бері жарықсыз отыр
Қостанай облысында 6 ауылда екі айдан бері жарық жоқ. Тұрғындар генераторлар пайдаланып отыр. Оның өзі бірнеше үйге біреуден берілген және пайдалану уақыты шектеулі. Жалпы тасқын басталғанда облыс аумағында мыңға тарта баған құлап, 37 елдімекен жарықсыз қалған. Олардың дені біртендеп электр желісіне қосылды. Қалған алты ауылға жарық беруге мамандар желі өтетін жерде судың құрғамауы себеп, дейді. Соған қарамастан, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы күндері облыстың оңтүстік өңіріне 120 баған жеткізілген.
Аслан Орынбасаров Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
Біріншіден су. Оның сыртында жердің өзі сазды батпақ. Кей жерлерден жол талғамайтын көлік, тіпті К-700 тракторы да өте алмайды. Бірақ біз бұл қиындықтың бәрін еңсеруге тырысамыз. Ауыр болса да жұмыс жүріп жатыр. Енді бір айдың көлемінде барлық елдімекенге жарық беріп боламыз деп ойлаймын.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
10.03.2026, 20:56
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
10.03.2026, 20:49
Өңір тұрғындары Конституциялық реформаға қолдау білдірді
10.03.2026, 20:16
Шетелге саяхаттау қауіпсіз бе?
10.03.2026, 20:16
Сыртқы Істер министрлігі ескерту жасады
10.03.2026, 20:12
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны емге пайдалануға қайтадан рұқсат етілмек
10.03.2026, 20:12
Елімізде былтыр 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
10.03.2026, 20:10
Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды
10.03.2026, 20:09