Ташкентте магнитудасы 6,5 балдық жер сілкінісі болу қаупі бар
Ташкентте магнитудасы 6,5 балдық жер сілкінісі болу қаупі бар. Бұл туралы елдегі ғылым академиясының өкілдері хабарлады. Осы ретте қаланың инженерлік-геологиялық жағдайы, биік ғимараттар мен тұрғын үйлердің құрылымдық типі, сейсмикалық тұрғыда қаншалықты қауіпсіз екенін анықтау жұмыстары қолға алынбақ. Заманауи IT технологиялар негізінде ықтималдығы жоғары 7, 8 және 9 баллдық зілзаладан келетін экономикалық шығындарды бағалау моделі әзірленеді. Айта кетсек, шахарда 1868, 1886, және 1966 жылдары алапат жер сілкінісі тіркелген. Соңғы рет 1980 жылы магнитудасы 5,5 балдық тербеліс болды.
Гульноза Шарафова, ғылым академиясы ақпараттық қызметінің жетекшісі:
Зерттеу нәтижесінде жердің және ғимараттардың құрылымдық тербеліс қасиеттері анықталады. Математикалық модельдеу негізінде зілзала ошағы мен одан тыс жерлерде сейсмикалық тербелістердің таралу және әлсіреу көрсеткіштері бағаланады.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік студенттер қағаз қалдықтарын «Мона Лизаға» айналдырды
23.01.2026, 13:24
БҚО-да ЖИ-ге негізделген үш стартап жоба нарыққа шықты
23.01.2026, 13:21
Оралда әскери-патриоттық форум өтті
23.01.2026, 13:18
Құрылтайда көтерілген мәселелерді шешуге әйелдер де кірісті
23.01.2026, 13:15
Конституциялық реформа – саяси жаңғыруға бастар жол
23.01.2026, 13:12
Жапония парламентінің төменгі палатасы таратылды
23.01.2026, 13:06
Италиядағы дауыл €1 млрд шығынға ұшыратты
23.01.2026, 13:03
Күн райына байланысты 15 аймаққа ескерту айтылды
23.01.2026, 13:00