«Сlassic» радиосы: Астанада «Абай тақырыбына экспромт» атты музыкалық  пьесаның әлемдік премьерасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сlassic» радиосы: Астанада «Абай тақырыбына экспромт» атты музыкалық  пьесаның әлемдік премьерасы өтеді

18.10.2016
«Сlassic» радиосы: Астанада «Абай тақырыбына экспромт» атты музыкалық  пьесаның әлемдік премьерасы өтеді

Композитор, дирижер Виктор Соболевтің «Абай тақырыбына экспромт» атты музыкалық  пьесасының әлемдік премьерасы «Астана Опера» театрының Камералық залында сахналанбақ. Жаңа шығарма Симфониялық оркестрдің солисі, бірінші скрипкасы Қаламқас Жұмабаеваға арнайы жазылған. Ол халықаралық байқаулардың дипломанты Долорес Үмбетәлиевамен (фортепиано) бірге елордалық әнсүйер қауымға «Скрипка музыкасының жауһарлары» атты концертін ұсынады.

Д. Үмбетәлиеваның танымал «Музыканың алтын ғасыры» атты концерттер легінің аясында өтетін кеші ХІХ ғасырдың композитор-романтиктерінің шығармашылығына арналады. Ал, Э.Изаидің орындауындағы №4 сонатасы театр сахнасына алғаш рет ұсынылмақшы. Сондай-ақ, кеш барысында Брамс, Чайковский, Фроловтың туындылары орындалады.

classicfm.kz

Хабарламаларға жазылу