Астанада Мария Ладоның «Очень простая история» атты спектаклінің премьерасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Мария Ладоның «Очень простая история» атты спектаклінің премьерасы өтеді

17.06.2015
Астанада Мария Ладоның «Очень простая история» атты спектаклінің премьерасы өтеді

20 маусым күні Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Мария Ладоның «Очень простая история» атты спектаклінің премьерасы өтеді.

Қойылымда махаббат пен ашу, қуаныш пен қайғы да бар. Сондай-ақ, онда өмір мен өлім туралы баяндалады.

Сюжет желісі бойынша ауылдағы екі жас бір-біріне ғашық. Бойжеткеннің аяғы ауыр екенін білсе де, әкесі бұл некеге қарсы. Ол жігіттің маскүнем әкесімен құда болғысы келмейді.  Осылайша,  қыздың ата-анасы әлі дүниеге келмеген шарананы алдырып тастауға бекінеді.

Автор қойылымда айтпақ ойын үй жануарлары арқылы көрсетеді.  Ақылды жылқы,  уайымшыл сиыр, мейірімді ит, өзімшіл қораз және арманшыл шошқа пьесаның негізгі кейіпкерлеріне айналады. Олар бір-біріне қатыгез болған адамдар үшін  жанын беруге даяр.

Туындының қоюшы режиссері -  ҚР Еңбек сіңірген әртісі Бекболат Парманов, қоюшы-суретшісі – Қанат Мақсұтов.

Хабарламаларға жазылу