Бүгін «Қараш-қараш» әлеуметтік драмасының премьерасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Қараш-қараш» әлеуметтік драмасының премьерасы өтеді

04.11.2015
Бүгін «Қараш-қараш» әлеуметтік  драмасының  премьерасы өтеді
Бүгін «Қараш-қараш» әлеуметтік  драмасының  премьерасы өтеді

Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қараш-қараш» деп аталатын әлеуметтік драманың премьерасы өтеді.

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы» повесті бойынша жазылған драманы астаналық көрермендер қарашаның 4-5 күндері көре алады. Әуезовтың повесті бойынша сахналық нұсханы жазушы, драматург Қалиқан Ысқақ жасаған. Ал, қоюшы режиссер ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. «Қараш-қараш» драмасы режиссердің Әуезов шығармаларынан қойған алғашқы туындысы емес. Бұдан бұрын Ә.Оразбеков Мұхтар Омарханұлының шығармалары негізінде жазылған «Абай», «Айман-Шолпан», «Қорғансыздың күні» пьесаларын қойған. Ал, жаңа қойылым ел-жұртының қамын ойлап күн кешкен қос азаматтың арасындағы достықты, туған жерге деген махаббатты, ар алдындағы адалдықты суреттейді.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу