Жетісу облысының ауылшаруашылық алқаптарына шегіртке тектес зиянкестерден қауіп басым
Жетісу облысының ауылшаруашылық алқаптарына шегіртке тектес зиянкестерден қауіп басым. Сондықтан, өңірде 110 мың гектарға жуық егістік пен жайылым және шабындық химиялық өңдеуден өтеді. 60 мың гектардан астам жер ұшақпен және жеңіл ұшу апараттарымен өңделеді. Облыс аумағында азиялық шегіртке, италиялық прусс және үйірсіз саяқ шегірткелердің көп таралған ошақтары анықталған. Өңдеу жұмыстарына ауылшаруашылық дақылдары мен төрт түлікке зияны жоқ 6 түрлі препарат қолданылады. Жалпы, зиянкестермен күреске биыл республикалық және жергілікті бюджеттен 370 млн теңгеден астам қаражат қарастырылды.
Саят Сақмолдин, Жетісу облыстық Аумақтық инспекциясының басшысы:
Жалпы республика бойынша өсу деңгейі байқалып отыр. Біздің облысымызды алатын болсақ, биылғы жылы 24-26 мың 505 гектарға ұлғайып отыр көлеміміз. Ол енді шегірткенің табиғи ерекшелігіне байланысты өсу деңгейінде тұрмыз қазіргі таңда.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Balkhash Tour Fest» аясында экологиялық акция ұйымдастырылды
20.06.2026, 20:09
Қазақстандық жас математиктер халықаралық олимпиадада топ жарды
20.06.2026, 20:09
Ustaz Ulytau педагогикалық трансформация орталығына - 5 жыл
20.06.2026, 20:08
5 мың сәбидің кіндігін кескен акушер
20.06.2026, 20:06
Қала тұрғындары медицина қызметкерлеріне алғыс айтты
20.06.2026, 20:05
Мемлекет басшысы жануарлар дүниесін қорғауды күшейтетін заңға қол қойды
20.06.2026, 20:05
Жылына 70 мың тонна шикізат өңдейтін кәсіпорын ашылды
20.06.2026, 20:05
Шымкентте 4 өндіріс орны ашылды
20.06.2026, 20:04