Басты Жаңалықтар «Classic» радиосының жаңалықтарынан: Лондонда алғаш рет үнді операсы қойылады

«Classic» радиосының жаңалықтарынан: Лондонда алғаш рет үнді операсы қойылады

«Classic» радиосының жаңалықтарынан: Лондонда алғаш рет үнді операсы қойылады

«Ол Битлз пен Филип Гласспен дос болды. Бірақ, соңғы операсына шабыт берген оның әйелі».

Англияда Үндістанның композиторы әрі ситарада ойнайтын Рави Шанкарның туындысы үнділік жалғыз опера қойылады. Шығарма халық ауыз әдебиеті үлгісінде жазылған. Автор туындыны жұбайының есімі – Суканьи деп атаған. Музыка иесі бұл жобаны 90 жасында, яғни, 2012 жылы қайтыс болардың алдында жазып кеткен. Шанкар Битлз, Йегуди Менухин, Филип Гласстармен тығыз байланыста болған. Операның тұсаукесері келесі жылдың маусым айында өтеді.

Композитор туралы ақпарат: 50-інші жылдары оны «үнділік Моцарт», ал, 60-ыншы жылдары ««word music» негізін қалаушы» және «рок көтерілісінің атасы» деп атаған. Оның ең үздік еңбегі Кеңес Үкіметі кезінде жазылған. Ол Битлз пен Филип Гласспен дос болған. Скрипкашы Иегуди Менухинмен бірге үш бөлімнен тұратын «West Meets East» атты альбомын жариялаған. 1967 жылы алғашқы үнтаспасы «Камералық музыканы үздік орындау» номинациясы бойынша «Грэмми» премиясын алды.

http://classicfm.kz/

Бөлісу