Таразда 101 жастағы әже жастармен бірге тал көшеттерін отырғызды
Таразда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалпыхалықтық сипат алды. Мәселен балабақша бөбектері ағаш отырғызып, аула тазалады. Игілікті істен тіпті қариялар да қалыс қалмады. 101 жастағы әжей қолына күрек ұстап көпке үлгі болды.
«Өнегелі ұрпақ» апталығы алдымен «Ұлы дала» шағын ауданынан бастау алды. Қала тұрғындары алда ашылатын саябаққа 1 200 түп ағаш отырғызды. Биыл қала әкімдігі 40 мың түп ағаш егуді жоспарлаған.
Барат Мыңбосынов,қала тұрғыны:
85-ке келсем де шаршамай, шалдықпай жаяу келдім. Елдер, жастар көрсін.
Аймақта акция басталғалы 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен 1400-ге жуық аула тазаланды.
Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:
Президенттің игі бастамасын бірдей қабылдап, бәрі ат салысып жатыр. Негізі тазалықты сақтау қоғамның бойындағы тәрбиесінің, мәдениеттілігінің көрсеткіші.
Ал бірнеше жылда бүлдіршіндер еккен ағаштар бүр жармақ. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларов балабақшаға барып, бөбектермен бірге бейбітшіліктің нышаны «Бәйтерек» ағашын отырғызды.
Лугмар Бұларов, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары:
Бұл акцияны өміршең жобаға айналдыруға тиіспіз. Ол үшін әр тұрғын тазалақты өз ауласынан, өз көшесінен бастау керек. Балалар үлкендерден үлгі алатындықтан, тал егудің өзі тәлім-тәрбиеғой. Сондықтан бақшаға арнайы келдік.
Ал 101 жастағы Ұлсанай Абалова ассамблея жастарымен бірге көшенің көркі болар тал көшеттерін екті. Көктем кіргелі аймақта 57 мың түп ағаш отырғызылған. Абаттандыруға 9,4 млрд теңге бөлініп отыр.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тұрақты болашақ – ортақ көзқарас» Өңірлік экологиялық саммитінде сөйлеген сөзі
22.04.2026, 14:41
Семейде тазалықты өмірлік ұстанымына айналдырған азамат тұрады
22.04.2026, 13:20
Қарағанды облысында жылыту маусымы аяқталды
22.04.2026, 13:17
Қазақстан мен Моңғолия мәдениет саласында ынтымақты нығайтпақ
22.04.2026, 13:15
Астана экологиялық саммиті әлем назарында
22.04.2026, 13:10
RES EXPO 2026: Жасыл технология – табыс көзі
22.04.2026, 13:07
БҰҰ: Табиғат апатымен бірге күресуіміз керек
22.04.2026, 13:05
Келесі жылы Қазақстан электр энергиясы тапшылығын толық жояды
22.04.2026, 13:03