Шығыс Қазақстан облысындағы ірі өндіріс орындарының ауаны қаншалықты ластайтыны енді нақты бақыланады. Ол үшін зауыт-фабрикаларға автоматты түрде жұмыс істейтін арнайы құрылғылар қойылып жатыр. Бүгінге дейін 8 кәсіпорынға орнатылды. Зауыттардың мұржасынан шыққан түтіннің құрамы туралы дерек бірден Экология министрлігіне түседі.
Ал бұл жедел шара қолдануға мүмкіндік береді. Арнайы қондырғыларды орнату үшін жеке инвесторлар 8 миллиард теңге бөлді. Алдағы уақытта тағы үш кәсіпорын осындай автоматты жүйемен жабдықталмақ. Жалпы бұл жобаның әсіресе өскемендіктер үшін маңызы зор. Өйткені шаһарда бір ғана металлургиялық кешен жыл сайын ауаға түтінмен бірге 24 мың тонна зиянды қалдық шығарады.
Мамай Бұтабаев, Облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:
Мына сегіз мекеме,қондырылғылар қондырылған.Олардың барлық жұмыстары жүргізілген, автоматтандырылған системаға оның бәрі кіргізілген.Қазір тестовый режімде данныйлар беріліп жатыр,осының бәрі біткен соң июльдің біріне дейін жұмысқа кіріседі деген ойдамыз.
Олжас Керейхан