Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
Ауыл әкімдері деректер базасына қол жеткізуі тиіс.
Мемлекет басшысы өткен аптада форумда осы мәселені шешуді құзырлы орындарға тапсырған еді. Мұндай өзгеріс елді мекендегі көші-қон статистикасын жүргізіп, әр саладағы өзге де мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді, дейді ауыл әкімдері.
Тағы бір бастама - елді мекен маңайындағы кәсіп ұйымдар тапқан табысының бір бөлігін жергілікті халықтың игілігіне жұмсауы тиіс. Мысалы, Қостанай облысының Заречный ауылында 35-ке жуық кәсіп өкілі бар, алайда табыс салығының дені облыс орталығының бюджетіне түседі.
Нұрлан Кузайбин, Заречный ауылдық округінің әкімі:
Өйткені жеке кәсіптің басшысы қай жерде тіркелсе, салық сол тұрғылықты мекенжай бойынша бағытталады. Ал бірақ бизнестің өзі ауылда жүріп жатыр, яғни жұмысшылар да ауыл тұрғындары. Мысалы, біз жыл сайын шамамен 30 млн теңгеге жуық қаражаттан қағыламыз. Ал бұл қаржыға ауылдағы бір емес бірнеше мәселені шешуге болар еді.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06