БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
Батыс Қазақстан облысында жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасауға патент алды. Қазір йогурт шығару үшін сүттің құрамы зерттеліп жатыр. Бұған дейін Аян Оразов эксперимент түрінде киік етінен шұжық жасап шығарған еді. Қазір жобаларын коммерциялау, өндіріске енгізу жүріп жатыр.
Бұл – түйе сүтінен жасалған балмұздақ. Құрамында ақуызға бай сүт, қант, дәмдеуіштермен басқа да қоспалар бар.
Жас ғалым дәмі тіл үйіретін балмұздық жасау идеясын осыдан екі жыл бұрын диссертациялық жұмысына арқау еткен. Әуелі жоғары ақуызды, құрамы қою балмұздақтың рецепті дайындалады. Содан соң арнайы аппаратта ауамен қанықтырылады. Дайын өнімді 6 айға дейін сақтауға болады.
Аян Оразов, «Тағам қауіпсіздігі» ғылыми-зерттеу зертханасының жетекшісі, ғалым:
Түйе сүті өзінің тағамдық қасиеті жағынан сиыр сүтіне балама бола алады. Және сиыр сүтіне қарағанда, майлылығы түйенің түріне байланысты өзгеріп отырады. Жасөспірім балалардың қазіргі таңда тамақтану салауаты дұрыс болмағандықтан, ақуыз арқылы рационын дұрыстап, енгізуді жөн көрдік.Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінің оқытушылары шұбаттан йогурт жасауды да қолға алды. Қазір сүттің микробиологиялық қасиеттерін зерттеп жатыр. Әуелі биологиялық белсенді қоспа дайындалады. Университет жанынан ғылыми-зерттеу зертханасы ашылған. Мұндағы кабинет, құрал-жабдықтардың бәрі жаңа. Жас ғалымдарға барлық жағдай жасалған.
Сәнді Ғылман, Тағам қауіпсіздігі мамандығының магистранты:
Сүтті аламыз, пастерлейміз, сосын оны 40-42 градуста жылытамыз. Содан кейін стандарт закваска қосамыз. Сосын лактобакциоз хелвектику саламыз, паракасие қосамыз. Содан кейін төртеуін бірге араластырамыз. Яғни біз қазір 4 түрлі йогурт құрамын анықтап жатырмыз.Жас ғалымдар түйе сүтін жергілікті шаруашылықтан және Атырау, Маңғыстау облыстарынан алады. Бұған дейін Аян Оразов киік етінен шұжық жасап, көпшілікті таңғалдырған еді. Қазір өнертабысқа патент алуды жоспарлап отыр. Келешекте жобаларын коммерциялап, өндіріске енгізбек.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07