Басты Жаңалықтар Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Маңғыстауда Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоба - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асуда. Бүгінде 4 кезеңнен тұратын құрылыс жұмыстарының 3 кезеңі қатар жүргізілуде. Айта кетейік, Кендірлі әуежайы – аймақтың туристік әлеуетін арттыруға арналған басты жобалардың бірі. 
Кендірлі әуежайының аумағы 599 гектар. Жан-жағы түгелдей қоршалып, ортасында жұмыс қайнап жатыр. Алғашқы кезең бойынша инфрақұрылым жүйелері: газ, су, байланыс желілері жүргізілуде. Екінші кезең бойынша 2 шақырымдық ұшу-қону жолағы төселіп жатыр. Ал, 4-кезеңде әуежай аумағында бірнеше ғимараттың құрылысы басталған.
Мында әуежайдың терминалы салынып жатыр. Қазіргі таңда бетон құю жұмыстары аяқталып, метал құрылысқа дайындық жүруде. Жоба бойынша терминал 3 қабатты болады, ішінде жолаушыларға арналған күту залы мен кеден бекеті орналасады.
Құрылыс жұмыстарына 80 нен астам арнайы техникамен 150 ге жуық адам жұмылдырылған. 3 кезең бойынша да жұмыстар қатаң бақылауда. Әсіресе, ұшу-қону жолағын сапалы төсеуге аса мән берілуде.
Ерасыл Мұсағалиұлы, өндіріс техникалық бөлімнің инженері:

Екінші кезең бойынша ұшу-қону жолағы, рулеж жолы және перрон – осы төрт алаңның котлован қазу жұмыстары аяқталып келеді. Қазіргі таңда ПГС - 60%, сазды топырақ - 40% арақатынасымен кері көму жүргізілуде. Бұл – негізге төселетін өте берік құрылыс материалдары. Біз қазір екінші қабатта тұрмыз, ал үшінші қабаттың жұмыстары аяқталып жатыр.
Кендірлі әуежайы - Президенттің тапсырмасына сәйкес салынып жатқан туризм саласындағы басты жобалардың бірі. Себебі, болашақта теңіз жағалауында Кендірлі қаласын салу жоспарланған. Соның аясында Кендірлі су тұщыту зауыты іске қосылды. Ал, әуежай пайдалануға берілгенде, туристердің саны артып, жағалау курорттық аймаққа айналмақ.
Медет Тоқтасинов, Кендірлі ауылының әкімі:
Аэропортымыздың алғашқы бізге берер нәтижесі - Кендірлі қаласынан туристік қала статусын алып, сол жерде туристерді тарту, дамыту мәселесі туризмді. СКЛ: Біздің өзіміздің жобамызға сәйкес, бұл жерде 2500 бен 4500 дің аралығында адам пайдаланады деп күтілуде. Қазіргі таңда жоспарланған әуерейстері де белгілі болды.
Кендірлі әуежайынан еліміздің 6 қаласына және Баку, Нүкіс, Ресей сияқты шет мемлекеттерге де рейстер жоспарланған. Әуежайдың құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталмақ. Ал, 40-45 мың халыққа арналған Кендірлі қаласының бас жоспары дайын. Бірақ, егжей-тегжейлі жобалау жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Бөлісу