Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды. Елтай және Таскен шағын аудандарында іске қосылған нысандарда өрт сөндірушілер, полиция және жедел жәрдемнің ортақ базасы болады. Бұл модель оқиға орнына жету уақытын қысқартуға және өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға бағытталған.
Модульдік бекет – өрт сөндірушілер, полиция және жедел жәрдем бір ортақ алаңда әрекет ететін алғашқы нысан. Ғимарат 3309 шаршы метрді алып, 7 мың шаршы метр аумақта орналасқан. Мұнда қызметтік бөлмелер, газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті, асхана және оқу кабинеті бар. Құтқарушыларды даярлауға арналған оқу мұнарасы мен спорт алаңы да қарастырылған.
Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
Бірлесіп қызмет атқаратын депо алғашқы ашылып жатқан біздің бөлімшеміз. Бүкіл елге үлгі болып, бәріміз полиция қызметкерлері, медицина, біз бір сапта тұрғанымызды бір қауіпке төтеп бергенімізді көрсетіп тек абыройлы болғандарыңызды тілеймін.Нысанда шамамен 50 маман қызмет атқарады. Жаңа әмбебап кешен заманауи қауіпсіздік және жайлылық стандарттарына сәйкес жобаланып, жергілікті бюджет есебінен алты айда салынды. Тұрғын үй алаб тұрғындары да үш құтқару қызметінің бір жерде топтасқанын қала қауіпсіздігін арттыратын маңызды қадам деп бағалады.
Батырхан Әшетов, Қазығұрт тұрғын үй алабы ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
Төтенше жағдайлар болатын болса анау қызмет келгенше талай уақыт өтіп кететін еді. Мынау өте дұрыс болды. Қазір звондасақ тура осы жерге түседі екенбіз. Ең ары кетсе 7 минут деп отыр. Халыққа қызмет жасайтын үш қызметті бір жерге біріктіріп жасап отқаны өте құптарлық жағдай айналайын.Айта кетейік, жыл соңына дейін дәл осындай 2 модульдік кешен ашылады. Ал келесі жылы тағы 7 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған. Мамандардың айтуынша, жедел қызметтердің бір кешенде орналасуы әрекет ету уақытын едәуір қысқартып, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10
Киік мүйізін шетелге сатуға рұқсат берілді
06.12.2025, 17:07