Cемей орманында өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cемей орманында өрт шықты

26.04.2024

«Семей орманы» табиғи орман резерваты аумағында өрт шықты. Тілсіз жау Бородулиха ауданындағы Дмитрев орман шаруашылығының төңірегінде тұтанған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметінің 70 ке жуық маманы мен орманшы жұмылдырылды. 20 дан астам техника қолданылды. Орман өрті 22 гектар жерге таралып барып, оқшауланды. Былтыр жазда дәл осы «Семей орманы» аумағында 63 мың гектар қарағайлы алқа күлге айналып, қызыл жалынды сөндіру кезінде 15 орманшы қаза тапқан еді.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу