Абай облысының орманында өрт сөндіру әлі жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысының орманында өрт сөндіру әлі жалғасып жатыр

23.05.2023

Абай облысының «Семей Орманы» резерватына қарасты аумақта өрт сөндіру әлі жалғасып жатыр. Ресей Федерациясының Алтай аймағынан басталған жалын шекарадан асып, Семей орманындағы 1 мың 100 гектар жерді шарпып үлгерген. Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың ошағына жақын орналасқан Ивановка ауылы мен «Березовка» шипажайы маңайындағы жерді жыртып, бөгеттер жасаған. Елдімекендерге төнген қауіп сейілді. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін 250-ге жуық адам мен 88 техника келген. Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары да көмекке жетті. Соңғы ақпараттарға сәйкес, қазір өрттің таралуы тоқтатылған. Мамандар тілсіз жау ошағын толықтай сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу