Бразилияның Амазон тропикалық орманында өрт жиілеп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияның Амазон тропикалық орманында өрт жиілеп кетті

04.09.2022

Бразилияның Амазон тропикалық орманында өрт жиілеп кетті. Тамыз айында мұнда жасыл желектерді от шарпығаны туралы 31 мыңнан астам дабыл қағылған. Бұл – 2010 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Осыдан 12 жыл бұрын дәл осы айда тоғайдағы өрт жайлы 45 мыңдай суыт хабар түскен екен.

Сарапшылардың сөзінше, Амазон орманының жиі жануына президент Жаир Болсонарудың табиғатты қорғау саясатының осалдығы себепші. Елдің экология министрлігі болса, бұл пікірге қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу