Мектептен өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептен өрт шықты

26.02.2019

Қызылорда облысының Арал ауданы Сорбеткей елді мекеніндегі мектептен өрт шықты. Абырой болғанда, ол сәтте ғимарат ішінде адам болмаған. Мектеп пешпен жылытылады. Күндізгі сағат 10:30-да пеш мұржасының айналасы түтіндеген, бірақ жалын өршімеген. Тұрғындар тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады. Нысан 2006 жылы жас мамандарға арнап салынған, 2010 жылы бастауыш мектеп ретінде ыңғайластырылған.

Бектемір Жұмағұлов, Арал ауданы әкімінің орынбасары:

- №21 мектепке қарасты Сорбеткей елді мекеніндегі бастауыш мектепте 13 бала қазір білім алып жатыр. Нәтижесінде оқу процесі тоқтаған жоқ. Қазір өрт шыққан жер қалпына келтіріліп, оқу процесі жалғасуда.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу