Испанияда орман өрті қаулап, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда орман өрті қаулап, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді

15.04.2024

Испанияның Аликанте провинциясында орман өрті бақылаудан шығып, үйлерге қауіп төндіре бастады. Сондықтан, 200-ге жуық адам эвакуацияланған. Лапылдаған жалынмен күреске, өрт сөндірушілер жіберілді. Олардың айтуынша, жасыл желектердің жануына аптап ыстық себепші. Айта кетсек, қазір Испанияда ауаның температурасы сәуір айына тән емес дәрежеге дейін көтеріліп, кейбір аудандарда 30-33 градусқа дейін жоғарылаған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу