Францияда орман өртінен 16 мың адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда орман өртінен 16 мың адам эвакуацияланды

18.07.2022

Францияның оңтүстік-батысында орман өрті қаулап барады.

Жалын 11 мың гектар аумақты шарпыған. 16 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндірушілер өткен аптада тұтанған тілсіз жауды бақылауға алуға тырысып жатыр. Күннің шыжуы мен күшті жел жалынның тез тарауына ықпал етіп отыр. Жалпы Франциямен бірге Испания, Португалияны да орман өрті шарпыды. Аптап ыстық екі елде мыңнан астам тұрғынның өліміне себепші болған

Хабарламаларға жазылу