АҚШ-та ормандар өртке оранды
АҚШ-тың батысындағы штаттарда орман өрті қаулап барады. Өңірде 58 от ошағы тіркелген. Йосемити ұлттық саябағы жанында тұтанған тілсіз жау 3 мыңнан астам гектар алқапты шарпыды. Өрт шыққан жердегі тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Лапылдаған жалын ғимараттарға зақым келтіріп, ұлттық паркке апаратын тас жолға төне түскен. Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, әзірге тілсіз жаудың 10 пайызы ғана сөндірілген. Ал, Орегон штатының орталығында жағдай тіпті қиын. Мұнда бірнеше орман өрті тіркелген. Тұрғындар эвакуацияланып, от жүздеген ғимаратқа қауіп төндіріп тұр. Өрттің өрши түсуіне аптап ыстық себепші. Американың кей өңірлерінде сынап бағанасы 50 градус ыстықты көрсетіп тұр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар «Қаражорғаға» билеп, флешмоб ұйымдастырды
13.04.2026, 17:39
Ақтөбелік оқушылар гүл өсіруді үйреніп жатыр
13.04.2026, 17:38
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздармен толықты
13.04.2026, 17:37
Брюссельде қазақ мәдениеті кеңінен насихатталды
13.04.2026, 17:35
Тарихшы: Дала заңдары жаңғыртылуы қажет
13.04.2026, 17:33
Өсімдік қауызынан қалдықсыз өнім шығарылады
13.04.2026, 17:30
Жас ғалымдардың еңбектері таныстырылды
13.04.2026, 17:27
eGov.kz электрондық үкімет порталына 20 жыл толды
13.04.2026, 17:25