Испанияда 4 мың гектардай аумақты от шарпыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда 4 мың гектардай аумақты от шарпыды

15.07.2022

Испанияда бірнеше күннен бері орман өрті дес бермей тұр. Мұнда 4 мың гектардай алқап отқа оранған. Ал өртті сөндіруге 44 градус аптап ыстық пен күшті жел кедергі келтіріп отыр. Жүзден астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың арасында жазғы лагерьде демалған балалар да бар.

Ал Португалияның оңтүстігінде орман өрті елді мекендерге жақындап қалған. Мұнда да күн шыжып тұр. Өртті ауыздықтау әзірге мүмкін болмай жатыр.

Айта кетсек, жалын Еуропаның бірнеше елінде тұтанды. Ғалымдар мұндай төтенше жағдайлардың жиілеуін ғаламдық жылыну құбылысымен байланыстырып отыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу