Акцияға қаладағы этонос өкілдері де белсене қатысып жатыр. Олар бүгін Қазақстан-Түркия достығы саябағында тазалық жұмысын жүргізді. Оған 200-ден астам адам қатысты. Олар бауырлас екі елдің ынтымағын айғақтап тұрған демалыс орнындағы ағаштарды әктеп, аяқжолдарды жуып, тазартып, артық өскіндерді қырқып шықты.
Латифша Асанов, Түрік этномәдени орталығының төрағасы:
Көктем дегеніміз ағаштардың өніп-өсуі тірілуі қыстан. Дала тазалығы, көше тазалығы, үй тазалығы, мұның бәрі адамның ісінің берекетін береді. Ісіміз өнімді болады.
Акция «Шымқала» тарихи-мәдени кешені аумағында да жалғасын тапты. Шаһардың ежелгі тарихын әйгілейтін орын тұрғындармен бірге туристердің де жиі келіп, саяхтаттайтын жері. Бұл күні көптің күшімен аумағы бес гектар болатын кешендегі аяқжолдар тазартылып, ағаштардың түбі қопсытылып, әктелді. Бұл жұмыстарға ерікті жастармен бірге мекеме басшылары, депутаттар мен әкімдік қызметкерлері де жұмыла кірісті.
Дария Қожамжарова, қалалық мәслихат депутаты:
«Таза Қазақстан» акциясының бірінші дәстүрлік қасиеті болса, екіншіден, келесі ұрпаққа беретін тәрбиелік мәні бар. Үшіншіден, шынайы бірлікке шақыратын акция деп ойлаймын.
Қызу еңбектен соң тарихшылар жастарға этноқалашықтың шежіресін әңгімелеп берді. Жалпы азалық акциясы демалыс күндері сенбіліке ұласпақ. Алдағы екі күннің ішінде «Таза өлке», «Киелі мекен», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» деп аталатын шаралармен жалғасатын болады.
Ғани Қалмаханов