Тарихи ескерткіштер ЮНЕСКО тізіміне енгізілмек
Маңғыстаудан ЮНЕСКО тізіміне 6 тарихи-мәдени ескерткіш енгізілуі мүмкін. Олар – «Шопан ата», «Шақпақ ата», «Қараман ата», «Сұлтан үпі» және Оғландыдағы «Бекет ата» жер асты мешіті мен археологиялық «Қызыл қала» қалашығы. Енді әр қайсысы туралы мәліметтер жинақталып, құзырлы министрлік Юнесконың зерттеу орталығына тапсырылмақ. Содан бастап, жер асты мешіттерінің жағдайы тексеріліп, экспедициялар өткізіледі. Мамандар бұл жұмыстарға шамамен 1-2 жыл кетеді деп отыр. Қазір Маңғыстауда 590 ескерткіш мемлекеттің қорғауына алынған. Соның 20-сы республикалық маңыздағы тарихи-мәдени орын.
Нұрлан Құлбай, мемлекеттік тарихи-мәдени қорықтың директоры:
Юнескоға енсе, бізде біріншіден туризмнің әлеуеті көтеріледі. Маңғыстауға келушілер көбееді. Келеуші көбейгесін, біздің экономикамыз көтеріледі. Ол жерде әртүрлі инфрақұрылымдар салынады. Жол салынады, байланыс салынады, визит центрлар салынады. Сондықтан соның барлығы бізге қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04