Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер жәрдемақы алады
Биылдан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға арнаулы әлеуметтік жәрдемақы беріледі. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты. Зауыт жұмысшыларымен кездескен Светлана Жақыпова әлеуметтік қолдау шарасы Мемлекет басшысының былтыр қыркүйекте берген нақты тапсырмасы аясында жүзеге асқанын айтты. Ал ел бойынша 37 мың адам арнаулы жәрдемақы алмақ.
Светлана Жақыпова , ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Жәрдемақының негізгі мөлшері 4 көзден төленеді. Біріншісі, мемлекет бюджеті. Екіншісі, жұмыс берушінің тарапынан бір айлық күнкөріс деңгейінде және сақтандыру қорынан, бірыңғай зейнетақы қорынан төленеді. Төлемдердің мөлшері орташа есеппен - 208 мың теңге.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа бағыты
12.03.2026, 20:58
Жаңа Конституция жобасы кемел келешектің кепілі
12.03.2026, 20:57
Ислам Республикасының жаңа жоғарғы жетекшісі алғаш рет мәлімдеме жасады
12.03.2026, 20:54
LRT жолақысы 200 теңге болуы мүмкін
12.03.2026, 20:53
Референдумға қатысу үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалады
12.03.2026, 20:51
«Ерекше» фильмінің премьерасы өтті
12.03.2026, 20:49
AI-Sana бағдарламасы студенттерді қабылдауға дайын
12.03.2026, 20:47
ОРК төрағасы ШЫҰ мен ТМҰ байқаушылар миссиясының басшылығымен кездесті
12.03.2026, 20:10