Биткоин 70 мың долларға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биткоин 70 мың долларға жетті

09.03.2024

Биткоин рекорд жаңартты. «Битстамп» криптобиржасында оның құны 70 мың доллардан асқан. Инвесторлардың бұл криптовалютаға деген қызығушылығы қаңтардың соңында артқан еді. «Рейтер»-дің мәліметінше, бұған АҚШ-тың еңбек нарығына қатысты соңғы шыққан жағымды статистика да оң ықпал еткен. Сонымен бірге инвесторлар тарапынан биржадағы жаңа криптоөнімдерге деген сұраныстың артуы да биткоин құнын шарықтатты. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу