Биткоин 39 мың долларға дейін арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биткоин 39 мың долларға дейін арзандады

11.01.2022

Былтыр қыркүйектен бері биткоин алғаш рет 39 мың долларға дейін арзандады. Криптовалюта құны бір тәулікте 4%-ке құлдыраған. Нарықтағы ойыншылардың айтуына қарай бағаның төмендеуіне еліміздегі жағдай әсер еткен.

Айта кетейік, Қазақстан – әлемдегі екінші ең ірі майнингтік орталық. Қаржы сарапшыларының есептеуінше, криптовалюта өндіруге қажетті барлық қуаттың 18%-дан астамы елімізге тиесілі. Бұған дейін қаңтарда биткоин 69 мың доллардан саудаланған еді.


Хабарламаларға жазылу