Bitcoin бағасы 50 000 долларға дейін өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Bitcoin бағасы 50 000 долларға дейін өсті

23.08.2021

Bitcoin бағасы 50 мың долларға дейін өсті. Криптовалюта саудасындағы ең ірі биржада цифрлық ақша 2,5%-ке қымбаттаған. Қазір бағамы 49-50 мың доллар аралығында құбылып тұр.

Мамар айында криптовалюта бастапқы бағасының шамамен үштен бірін жоғалтып, 37 мың долларға дейін арзандап кеткен еді. Тек шілдеден бері биткоин біртіндеп қымбаттап жатыр. Ал біздің нарыққа Қазақстан әлемдік криптовалюта айналымының 1% аударатынын айттық. Еліміз жаһандық криптоиндустрияға қатысқанымен, ол біздегі сауда айналымына енбейтінін еске салайық.


Хабарламаларға жазылу