Биткоин бағасы шарықтап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биткоин бағасы шарықтап кетті

21.10.2021

Ал биткоин бағасы бір тәулікте 6 пайызға қымбаттап, тарихи максимумға жетті. Оның құны қазір 66 мың доллардан асты. Бұған АҚШ қор биржасында электронды ақшаны саудалауға рұқсат берілуі себеп.

Тіпті биткоинмен байланысты алғашқы фьючесртік қор биржасы бір тәулікте 12 миллионнан астам акция сатқан. Ал сұраныс барда, бағаның өсетіні нарық заңы. Қазір осы жаңалықтардан кейін криптовалютаға қызығушылар көп. Бірақ оны сатып алуға асықпаған жөн дейді кейбір сарапшылар. Өйткені цифрлық актив күнде құбылады. Ал трейдерлердің енді бірі биткоин бағасы 200 мың долларға дейін жетеді деп болжайды.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу