Биткоин алғаш рет 68 мың долларға қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биткоин алғаш рет 68 мың долларға қымбаттады

09.11.2021
0:00:00
0:00:00

Соңғы уақытта бағасы жиі құбылған биткоин алғаш рет 68 мың долларға қымбаттады. Сауда сессиясында криптовалютаның құны шамамен бес пайызға көтерілген. Өткен айда 43 доллардан саудаланған биткоин бірден 40 пайызға шарықтап, бағасы 61 доллардан асқан. Жалпы криптонарықтың ақша айналымы қазанда 20 пайызға өсті. Қазақстанда қазір майнингпен айналысатын 50 дата-орталық бар. Сонымен бірге бұл іспен заңсыз айналысатындар да аз емес. Олар 1200 мегават электр энергиясын жұмсайды.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу