Биткоинның бағасы 18 мың доллардан асты

18.11.2020

Биткоинның бағасы 18 мың доллардан асты. Әлемдегі ең танымал криптовалюта құны 2018 жылдан бері алғаш рет көтеріліп отыр. CoinMarketCap порталы мәліметінше, биткоин бағасы 9,78%-ке өсіп, 18 223 долларға жетті. Осыдан екі жыл бұрын оның құны 17 мың доллардан асқан. Содан бері орнаған бұл алғашқы рекорд. Жаһан нарығында биткоиннің үлесі 65,3 процент.   

Ақерке Бектас 


Биткоин баға криптовалюта CoinMarketCap

Хабарламаларға жазылу