Астанада актер Сырым Қашқабаев оқушылармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада актер Сырым Қашқабаев оқушылармен кездесті

26.01.2015
Астанада актер Сырым Қашқабаев оқушылармен кездесті

«Астана» сурет галереясында тәлім алып жүрген жас суретшілер  Қаллеки театрының актері, ҚР «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері  - Сырым Әбдіқадырұлымен кездесті, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.

Балалар  кездесуде актерге өмірі мен өнері туралы сан сұрақтар қойды. Кеште поэзия оқылды. Басым көпшілігі Сырым ағаларына шын жүректен лебіздерін білдірді.

Кездесу соңында қатысушылардың барлығы актермен естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасып, ризашылықтарын білдірді.

Хабарламаларға жазылу