Жетісу облысында су тасқыны жолды шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында су тасқыны жолды шайып кетті

01.03.2024

Жетісу облысында сот үкімімен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Былтыр Кербұлақ ауданы Малайсары бекетіне апаратын жаңадан салынған жолды қарғын су шайып кеткен.

Прокурорлық тексеру барысында жөндеу жұмыстары кезінде жобалық-сметалық құжаттама жасалмағаны және сараптама жүргізілмегені белгілі болды. Соның салдарынан су бұрудың сыйымдылық қуаттылығы есептелмей, жолдың бұзылуына әкеп соққан. Мемлекетке 22 миллион теңгеден астам шығын келген.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу