Жетісу облысында жолды су шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында жолды су шайып кетті

10.07.2023

Жетісу облысына қарасты Сарыөзек-Қарашоқы жолын су шайып кетті. Қатты нөсер осы бағытта жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жолдың екі жерін бұзып өткен.

Облыстық төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, су өтетін құбырлар жаңбырдан жиналған суға шыдас бермеген. Зардап шеккендер жоқ. Жолды қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды.


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу