Қостанайда жолды су шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда жолды су шайып кетті

16.03.2023

Қостанай облысының Жанкелдин ауданында Шеген және Түйемойнақ ауылына баратын жолды қар суы шайып кетті. Қазір бұл жолмен тек үлкен жүк көліктері ғана жүре алады. Алайда, жергілікті билік өкілдері, кешке дейін жолдың су шайған тұсын бекітіп, қозғалысты қалыпқа келтіреміз деп отыр. Тұрғын үйлер мен қора-қопсы аман. Жалпы облыстың оңтүстігінде қар еріп кеткендіктен, енді қауіп жоқ дейді мамандар. Ал солтүстіктің қары әлі сіресіп тұр. Су басуы мүмкін аумақта 90 елдімекен бар. Оларда 2 мыңнан аса тұрғын үй бар, 8 мыңдай адам тұрады.

Азамат Орымбаев,  облыстық ТЖД басшысының орынбасары

Елді мекендерге қауіп жоқ. 90 пайыз қар елді мекендерден кетті. Қазіргі уақытта Шұбалаң-Қарасу деген жергілікті жолда судың өтуі бар. Жергілікті әкімдікпен бірігіп жұмыстар өткізіледі. Кешкісін судың ағысын тоқтатамыз деген жоспар бар.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу