Биыл көктемгі су тасқынынан 52 елді мекен зардап шекті
Биыл көктемгі су тасқынынан республиканың 7 өңірінен 52 елді мекен қиындық көріп отыр. Олар – Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстары. Қауіпті аймақтарда 6 мың адам, 87 мың бас мал қауіпсіз жерге көшірілген. 2 мыңға жуық баспана су астында қалып, 120 тас жолды су шайып кетті. Қазір 68 жол қалпына келтірілді. Әсіресе, Ақмола облысындағы жағдай қиын. Өңірде 900-ге жуық үй су астында қалды. 2500 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Қазіргі су тасқыны салдарын жою мақсатында қауіпті учаскелерге құтқарушы, полиция, әскери қызметшілерден 3 мыңнан астам адам жұмылдырылып, 722 техника тартылған.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испания Әлем чемпионы атанды
20.07.2026, 20:28
БҚО-да автогаз толтыру компрессорлық стансасы салынды
20.07.2026, 20:18
Шымкентте аптапта тағам арқылы таралатын инфекция көбейді
20.07.2026, 20:15
«Алматы – Бішкек» халықаралық автожолы кеңейтіледі
20.07.2026, 20:14
АҚШ-та шетелдік студенттер мен журналистерге талап күшейтілді
20.07.2026, 20:12
Еуропа одағы AliExpress компаниясына рекордтық 550 миллион еуро айыппұл салды
20.07.2026, 20:11
Зейнетақы реформасы: 2027 жылдан бастап инфляция айырмасын өтеу бағдарламасы оңтайландырылады
20.07.2026, 20:10
Аллергияға шалдыққандар қатары 1,5 есе өсті
20.07.2026, 20:08