Алматы облысында бөгет жарылып, елді мекендер су астында қалды

18.07.2014
Алматы облысында бөгет жарылып, елді мекендер су астында қалды

Алматы облысында төтенше жағдай болды. Су бөгеті жарылып, соның салдарынан жүздеген адамның өміріне қауіп төніп тұр. Өйткені, жарылған бөгет жолды түгел шайып, жұртшылық тау бөктерінен төменге түсе алмай отыр. Осыған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі мекеменің тікұшақтары жағдайды әуеден бақылап жүргенін айтып, ақпаратты теріске шығарған еді. Алайда, куәгерлердің айтуынша, су тасқыны бірнеше үйді шайып кеткен. Бұған ғаламтор бетінде жарияланған мына видео дәлел.

Шынар Асанқызы

Хабарламаларға жазылу