Егіс науқанында тұқым жете ме?
Былтыр күзгі жиын-терімде шаруа қожалықтары ауа райы салдарынан біраз қиындыққа тап болып, астық сапасыз шыққан еді. Биыл көктемгі егіндік науқанында тұқым жеткілікті ме? Қанша гектар астық бастыру жоспарланып жатыр? Сала мамандары алда қандай қауіп бар –жоғын талдап, диқандарға біршама кеңес айтты. Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.
Ақмола облысында 30 жыл бойы арпа-бидай егіп, кәсібін дөңгелетіп жүрген диқан Мадияр Ильдебаев осы жылы алқаптың көлемін азайтпақ. Өйткені, былтыр еккен егіннің 80% сапасыз шығып, жарамсыз болған. Бұл жолы мал азығы болатын арпаны көбейтіп, бидайды азайтпақшы.
Мадияр Ильдебаев, фермер:
Бұл тұқым былтырғы өнімнен қалған. Былтыр енді қиындық көрдік біраз. Егістікке қатысатын техника бізде ескілеу. Саймандары қымбат, лизингтары қымбаттау кішкене, кейбіреулері бермейді.
Ауыл шаруашылығы қауымдастығының өкілі Ақбар Мәуленов биыл жетпеген тұқымды, импорттық дақылмен толтырамыз деп отыр. Дегенмен, кешегі күзде шығынға ұшыраған фермерлердің 20%-ға жуығы осы көктемде егін екпейді дейді.
Ақбар Мәуленов, Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасының орынбасары:
Елімізде егістік науқаны әртүрлді кезеңде басталады. Осы 1-2 апта төңірегінде оңтүстікте басталады. Мына сорт мынадай деп болуге болмайды. Біраөқ салыстырып тексерген кезде (шетелдік сортпен отандық сорт) өзімідздің сорт біздің ауа райына топырағына төзімдірек болды.
Сала сарапшысы Алмасбек Садырбай шаруаларға астықты өңдеуге ден қою керек деді.
Алмасбек Садырбай, Ұлттық агро-қозғалысының төрағасы, сарапшы:
Өңдеуге қарай жүру керек. Азғантай да болсын, өңдеуге қарай жүру керек. Мысалы, арпа-бидайға келсек, қаражатты арпа-бидайға бермеу керек, қаражатты алып диірмендерге беру керек. Өйткені, бізде 1200 диірменнен бүгінде қалғаны 120 ғана диірмен соны 40 ғана жұмыс жасап жатыр. Біз неге бидайымызды сата алмай отырмыз, өйткені бізде диірмен жоқ.
Елімізде биыл қанша гектар астық бастырылатынын әзірше белгісіз. Есеп-қисап енді басталады. Белгісі Ауыл шаруашылық министрі Айдарбек Сапаров Президент тапсырмасына сәйкес, көнерген ауыл шаруашылығы көліктерінің жыл сайын 10% пайызы жаңартылып отыратынын айтқан еді.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауылшаруашылығы министрі:
Ол техниканың 8-10% жаңарту жөніндегі тапсырманы орындау мақсатында жеңілдетілген лизингке бағытталады. Лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату да жалғасады. Бұл көрсеткіш бұған дейін– 4,5% құраған. Соның салдарынан өнім өндіру қарқыны төмен, ал өзіндік құны жоғары болып шығады.
Ведомство басшысының сөзінше, суды үнемдеу мақсатында көктемде күріш алқаптары 6 мың гектарға қысқармақ. Ал алдағы 5 жылда 21 мың гектарға азаяды деп болжануда. Сондай-ақ, мақта өсіру бойынша да дәл осындай шаралар қолданылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы